21 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Ақбұлақ ықшамауданының тұрғындары бүгінгі қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлады tengrinews.kz сайты.
Ал 60 жастағы Рахметолла Аймұрат атты куәгер бұл оқиғаны немерелерінен білген. Ол атыстың даусынан кейін не болғанын білу үшін көшеге шыққанда үйді полицейлер қоршап алғанын көрген. Бірақ ол кезде қарулы адам әлі ұсталмаған еді.
– Мен не болғанын білуге шыққанмын. Кейін менен үйден шықпауымды ескертті. Күдікті сол жерде болған. Арнайы жасақтар келіп, өз міндеттерін орындады. Ол жерде не болғанын білмеймін. Мен оны қалай алып кеткендерін көрдім. Осы жерден суретке түсіріп алдым. Оны (күдікті-ред) көлікке отырғызып әкетті. Сосын мен кетіп қалдым.
Екі полицейдің мәйітін алып шыққанын көрдім. Полицейлер суретке түсіруге тыйым салды, – деп жауап берді кәугер Рахметолла Аймұрат.
Зумрат есімді көршісі сот орындаушылары алғысы келген үйді бұрынғы иесінің ата-анасы салғанын айтты.
Бүгін сағат 17:00-де "Ақбұлақ" шағын ауданында төтенше оқиға болды. 54 жастағы Алматы тұрғыны 5 адамды атып тастады.
Қаза болғандардың арасында 1982 және 1988 жылы туған екі учаскелік инспектор, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын бар, олардың кім екені анықталуда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір