• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:00:23
Алматы
+12°

Қазақстандық "RESELF" IT компаниясының директоры Жансерік Төлеген және "QMED" Ұлттық инновациялық медицина палатасының басшысы Әкім Тұрсын Ресей өзі қолданбаған платформаны Қазақстанда сынамақ екенін жеткізді. Бұл туралы олар журналист Нартай Аралбайдың Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Жансерік Төлеген мен Әкім Тұрсын жарты миллиард доллар жұмсалатын жобаның көңіл көншітерліктей емес екенін айтты.

Журналист Нартай Аралбай "Егов-ты Сбер-ге ауыстыру қоғамда қатты талқыланып жатыр. Оған Қазақстанның бюджетінен жұмсалатын 500 миллион $ ақылға томпақ дүние. Сонша қаржы жұмсап Ресейдің платформасын енгізетіндей басымызға не күн туды? Мұның астарында қандай қауіп бар? Қазақстан IT маман жоқ па? Заңды сұрақтар. Бір ғана масқараны айтайық, Сбер-ді Ресейдің өзі әлі қолданбаған. Демек, Қазақстан олар үшін сынақ алаңы секілді. Тест ретінде көреді, біздің елде кемшілік кетсе өз елдеріне енгізбес бұрын соны жөндеп алады. Ал біз олардың шикі платформасына бүкіл халқымыздың жеке мәліметін жүктемекпіз. Ол үшін бюджетімізден 500 миллион $ төленбек" деп жазды өзінің Youtube арнасында. 

Журналистің "Расымен Бағдат Мусин біздің жеке мәліметтерімізді орыстардың қолына беріп жатыр ма?" деген сауалына Жансерік  мәліметтердің оларға берілмейтінін айтты, алайда "Бағдат Мусиннің сөзі бойынша, біз тек ғана технологиясын аламыз. Әрине ол технологияны алып келіп, оны біздің мамандар қысқа уақытта алып кете ала ма, алмай ма? ол бөлек әңгіме. Егер ресейлік мамандар келіп біздің ақпараттармен жұмыс істесе, айырмашылық жоқ сияқты" деді. 

Маман платформаның документациясын қарап, зерттегенін айтып, "Сондай 150 млн доллар жұмсаймыз деп отырған үлкен платформаның бар жоғы 210 беттік документациясы бар. Ол өте аз. Одан кейін ол бірінші версиясы. Оған қоса, ол өздерінде жасалмаған. Ал, біз соны алайық деп отырмыз" дейді. 

Жансерік платформаның қаншалықты тиімді екенін білу үшін демо версиясын сынап көрмек болғанын айтты.
 
–Маған доступ бермей қойды. Ал, әшейін доступ ала алмайтын жүйені жасайтын платформада, яғни ондай жабық тұрған дүниеде комьюнити болмайды. Комьюнити деген қолданатын адамдар аз болады деген сөз. Ал қолданатын адамдар қаншалықты аз болса, соншалықты шикі болады. Біз оны Ресейден бірінші болып пайдаланайық деп жатырмыз,–деді IT маман.
 
Журналистің "Ресей оны пайдаланып жатқан жоқ па?" деген сауалына "Жоқ. Ресей оны өздеріне енгізе алмады. Қарапайым тілмен айтқанда былай: біз 150 млн доллар ақша береміз, сол үшін біз олардың жүйесін сынап береміз. Бізге қиын болғаны, тегін ашық дереккөз шешімдерден обертка жасап, бізге беріп жатыр. Как будто бізді алдап жатқан сияқты" деп жауап берді Жансерік Төлеген.

Айта кетейік, бұған дейін Чехия мемлекетінде де Қазақстандағы сияқты дау тудырған IT жоба туралы хабарлаған болатынбыз. Чехияның бұрынғы транспорт министрінің миллиондаған еуроға бағалаған IT жобасының өте қымбат екенін айтып, қарсы шықққан 60 программистің жобаны тегін істегені, министрдің отставкаға кеткені туралы хабарланған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сбер IT

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір