• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:47:27
Алматы
+12°

Қытайдың өзгеруі: Си Цзиньпин неге социализмге қайта оралады?

Осы тақырыпта BBC сараптама мақала жариялады. Қамшы тілшісі мақаланы аударып, назарларыңызға ұсынады.

Ондаған жылдар бойы Қытайдағы өмір "қытайлық капитализм нұсқасы" бойынша қалыптасты. Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдун 1976 жылы өмірден өткенге дейін елді мәдени революцияның құйына батырды. Елдің дамуы бірнеше ондаған жылдар бойы кері шегінді. Маоның өлімінен кейін Қытай техникалық тұрғыдан "коммунистік" ел деп аталғанына қарамастан, үкімет кейбір адамдарға өте бай болуға мүмкіндік берді. Бұл жаңа биліктің жаңа саясаты болды.

Бұл саясат белгілі бір дәрежеде жұмыс істеді. Ірі орта тап пайда болды және қоғамның барлық қабаттарында адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарды.

Байлық теңсіздігі

Қытай 1970-ші жылдардағы тоқыраудан кейінгі жаңа модельден соң, тез дамып, әлемнің алдына шықты. Тіпті, АҚШ-қа қарсы бірден-бір жаһандық экономикалық бәсекелеске айналды.
Бірақ жаңа модель табыс теңсіздігіне әкелді.
Бұл үлкен теңсіздік жаңа саясат кезіндегі адамдардың балаларының уақытына келгенде анық көрінді.

1980-ші жылдары зауыт-фабрикаларды иемдене алған ата -аналардың ұрпақтары үшін миллиондаған долларлық спорттық көліктерге ие болу, мегаполистерден қымбат үйлер сатып алу әдеттегі жағдай болды.

Жаңа саясат капитализм жүйесі болса да, Бейжің оны "қытайлық ерекшеліктері бар социализм" деп атады. Бұл концепция үкіметке көп жағдайда мүлде социалистік емес қоғамды басқаруға үлкен философиялық мүмкіндік берді.

Алайда, 2021 жылы Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Си Цзиньпин "бұл (концепция) енді қабылданбайды" деп шешкен сияқты.
Сидің басшылығындағы Бейжің билігі Коммунистік партияны коммунизмге белгілі бір деңгейде қайтара бастағанға ұқсайды.

Қытайда "ортақ өркендеу" деген жаңа тіркес пайда болды. Бұл көшедегі үгіт -насихат плакаттарында әлі пайда болған жоқ, бірақ оның ауылы алыс емес. Бұл қазір Қытай көшбасшысының жасап жатқан ісінің іргетасы.

Күнделікті өмірдегі бұзылулар

Коммунистік жолға жақындағанын көрсеткен Си салық төлеуден жалтарған байларды жазалауды күшейтті. Жеке репетиторлық компанияларға тыйым салды. Оны "білім беруді әділетті етуге бағытталған" деп түсіндірді. Елдің технологиялық алпауыттарына қарсы жүргізіліп жатқан репрессияны да "коммунистік жоспардың" бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Сонымен Си Цзиньпин коммунистік жоба идеясына шынымен сене ме? 100% сенімді болу қиын, бірақ кейбір бақылаушылар "солай көрінеді" дейді.

Салыстырып қарасақ, Қытайдың бұрынғы басшыларында бұлай болған емес.

Бұл жолғы коммунистік реформа байлықты қайта бөлу аспектілерін ғана қамтымайды. Си партия арқылы адамдардың күнделікті өмірінің көптеген аспектілерін реттеуді қалайтын сияқты. Си мұны "қажет нәрсеге қол жеткізудің бірден-бір шынайы әдісі" деп санайды.
Мысалы, балалар жалқау болып бара жатыр ма, жастық шақтарын видео ойындарымен өткізе ме? Партия құтқаруға кіріседі: үш сағаттық ойын шегін қояды.

Жасөспірімдер ақылсыз болып, пұтқа табына ма, теледидармен уланған ба? Құтқару үшін партия келеді: сымбатты жігіттер телевизиялық бағдарламаларға қатысуға тыйым салынады.
Демографиялық проблема үшін де партияның шешімі бар: барлығына үш бала саясаты.

Футбол, кино, музыка, философия, сәбилер, тіл, ғылым ...бәріне партияның жауаптары бар.

Сидің сенімі әкесінің сенімдеріне қарама-қарсы

Си Цзиньпиннің қандай басшы болғанын түсінуге тырысу үшін оның тарихына шолу жасау керек.

Оның әкесі Си Чжунсюн - Коммунистік партияның соғыс батыры, байсалды адам ретінде белгілі, кейінірек Мао дәуірінде түрмеге жабылған.

Сол кезде Сидің анасы әкесін айыптауға мәжбүр болды. 1978 жылы ресми ақталғаннан кейін Сидің әкесі Гуандун провинциясында экономиканы либерализациялауға ұмтылды және Қытайдың прогрессивті көшбасшыларының бірі Ху Яобангты қорғады.
Сидің әкесі реформаға бейім болған. Коммунистік партияға адал адамдарды қудалаған. Ал, Сидің саясаты әкесіне керісінше. Коммунистік жолға жақын саясаттар жүргізуде.

Бұл туралы түрлі ықтимал түсіндірулер бар. Мүмкін ол белгілі бір саяси мәселелер бойынша әкесінің ұстанымымен келіспейді.

Немесе Қытайдың көшбасшысы әкесіне ұқсамайтын көзқарасы болғанына қарамастан, оның жолы Мао дәуірінің саясатына ұқсамайды.

Әкесі түрмеге жабылғанда, Си Цзиньпин 15 жасында жертөледегі үйде тұрып, ұзақ жылдар бойы егістікке жұмыс істеуге жіберілді.
Бұл аласапыран кезеңдер оны қатал еткен болуы мүмкін.

Кейбір қытайлық бақылаушылардың пікірінше, Си "мықты лидер ғана Қытайдың 60-70 -ші жылдардағы хаосқа қайта оралмайтынына кепілдік бере алады" деп сенеді.

Си өмір бойы билікте болуы ықтимал

Бұл болжамға келудің бір себебі- біз оның келесі сайлауларға байланысты не істеп жатқаны туралы ештеңе білмейміз. Қытай басшылары партияның бақылауындағы бұқаралық ақпарат құралдарына да сұхбат бермейді.

Тіпті, Қытайдағы экономикалық белсенділікке қандай жаңа ережелер, шектеулер немесе нұсқаулықтар енгізілуі мүмкін екенін немесе олардың қайсысы болатынын болжау қиын. Кейде кенеттен биліктен жаңа өзгерістер болады.

Егер бір айдан кейін негізгі ережелер қандай болатынын білмесе, кез келген адам инвестициялық шешімдерді қалай сенімді түрде қабылдай алады? Бұл белгісіздікке шетелдік инвесторлар қатты алаңдаулы.

Кейбіреулер бұл процесті елдің жүйесінің "өсіп-жетілуінің" бір кезеңі деп санайды. Олар "осы процессте реттелмеген нәрселер реттеліп жатыр" дейді.

Егер солай болса, онда тактикалық ауысудың бұл кезеңі уақытша болуы мүмкін. Онда жаңа ережелер анықталған кезде бәрі қалпына түседі.

Бұл Қытайдың әлемдегі рөлінің өзгеруін қарастыратын үш бөлімнен тұратын мақаланың бірінші бөлімі.

Екінші және үшінші бөлімдер Бейжіңнің бизнес жүргізу ережелерін қалай қайта жазатынын және оның жаһандық салдарын зерттейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Си Цзиньпин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір