24 Қыркүйек, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның вакцина паспортымен карантиндік шектеулерсіз қай елдерге кіруге болатынын хабарлады.
"Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану жұмыстарын жүргізді.
Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады" делінген хабарламада.
Сонымен қатар Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттер туристерге кіруді жеңілдетті. Тек шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.
Ал Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір