• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:23:32
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2324 адамнан коронавирус, 200 адамнан пневмония анықталған.

23 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 46, пневмониядан 8 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 874 920-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 75 086.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 483 978 адам, 2-компонентін 6 369 022 адам салдырған.

25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

895 адамның жағдайы ауыр, 230 пациенттің жағдайы өте ауыр, 138 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта - Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір