• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 07:57:40
Алматы
+5°

Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" қозғалысының содырлары "адам ұрлады" деп айыпталған Герат провинциясының төрт тұрғынын көпшілік алдында өлтірді, деп хабарлады Aamaj News.

Associated Press ақпарат агенттігінің алдында сөйлеген куәгер денелердің бірі қала орталығындағы кранға ілінгенін айтты.

Бұл көп жылдардан бері көпшіліктің көзінше жасалған алғашқы жазалау.

 

1996-2001 жылдары Ауғанстанда "Талибан" билікте болған кезде, елде тас лақтыру, қол мен аяқты кесу, сондай-ақ дарға асу арқылы өлтіру  сияқты қоғамдық жазалар кең таралды.

23 қыркүйекте Ауғанстанның уақытша Үкіметінде түрме басшысы болған террористік топтың негізін қалаушылардың бірі - Норуддин Тураби Associated Press агенттігіне берген сұхбатында "Талибан" қылмыстар үшін өлім жазасын және аяқ-қол кесуді қайта бастауға ниетті екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан Тәліптер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір