• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 08:46:33
Алматы
+6°

Қазақстанда биылғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ең қатты қымбаттаған – қой еті, оның бағасы 14,6 пайызға, жылқы етінің бағасы 9,4 пайызға өсті. Ал сиыр етінің бағасы 7,8 пайызға, құс еті 3,2 пайызға қымбаттаған.

Тамыз айында дүкендер мен базарларда сүйегі бар сиыр етінің бағасы бір келісі үшін орташа есеппен 2200 теңге тұрған. Жылқы етінің келісі 2500 теңге, қой еті – 2400 теңге.

Статистика бойынша қаңтар-тамыз аралығында ет өндіру көлемі 43 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 4,6 пайызға аз. Ал құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып, 71,6 мың тоннаға жетті.

Бағаның өсуінен кейін елде ет тұтыну төмендеді. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қой етін тұтыну жан басына шаққанда 2,5 келіге дейін (10,6 пайызға), тауық еті 2,2 келіге (4,4 пайыз) дейін төмендеді. Сиыр етін тұтыну жан басына шаққанда 11,9 келіге дейін (0,9 пайызға) өскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір