• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:24:22
Алматы
+35°

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері  Г. Даулетова карантинді күшейту туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Құжатқа сәйкес:

  • Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) жұмыс күндері  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
  • жұмыс күндері үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
  • Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.
  • Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;
  •  жұмыс күндері  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
  • Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
  • Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
  • Көрмелер, марафондарға тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір