• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:29:18
Алматы
+35°

АҚШ "гипердыбыстық зымыран" деп аталатын дыбыстан бес есе тез ұшатын қаруды сәтті сынады. "Вашингтон гипердыбыстық зымыран жүйесін жетілдірді" деп хабарлады Пентагонның қорғаныстық зерттеу жобалары агенттігі.

АҚШ-тың бұл зымырандық жүйесін америкалық аэроғарыш және қорғаныс алпауыттары "Raytheon Technologies" және "Northrop Grumman" жасаған.

Зымыран қалай сыналды?

Өткен аптада АҚШ әуе күштерінің серіктестігінде жүргізілген сынақ кезінде зымыран ұшақ қанатының астынан шығарылып, бірнеше секундтан кейін зымыран күшейткіші оны дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен ұшырды.

Содан кейін зымыранға "скрамжет" деп аталатын қосалқы қозғалтқыш қосылып, зымыранды гипердыбыстық жылдамдықпен ұшырады.

Гипердыбыстық жылдамдық дыбыс жылдамдығынан бес есе тез.

Шілдеде Ресей "Циркон" деп аталатын кемедегі гипердыбыстық зымыранды сынақтан өткізген. Бұл қаруды Ресей президенті Владимир Путин "әлемде теңдесі жоқ жаңа буынды зымыран кешендерінің бір бөлігі" деп атаған.

"АҚШ пен біздің одақтастарымыз бұл қаруды тоқтату қабілетіне және оны жеңу мүмкіндігіне ие болуы керек" деді қаруды жасаған "Raytheon Technologies" компаниясының ракеталар мен қорғаныс бөлімінің президенті Уэс Кремер.

2019 жылы "Raytheon Technologies" және "Northrop Grumman" компаниялары гипердыбыстық қаруға арналған қозғалтқыштарды жасап шығарған.

АҚШ пен Ресейден бөлек Қытай, Франция және басқа да ірі державалар өздерінің гипердыбыстық қару жасау жоспарларын жариялаған. тіпті Қытай ғалымдары гипердыбыстық қаруды жасап жатқаны белгілі болды. Қытайлық зымыран дыбыс жылдамдығынан алты есе жылдам ұшады және қаланың үстінде бірнеше секунд ішінде химиялық жарылыс жасай алады деген ақпарат бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ гибердыбыстық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір