• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:38:09
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан атом электр станциясын салса, кадр даярлау ісіне көмектесуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Владимир Путин көршілері мен одақтастарының, соның ішінде Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға қатысты жоспарларын мұқият бақылап отырғанын айтты.

– Егер сіздер атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, Ресей қазақстандық серіктестеріне оны тұрғызу және эксплутациялау ісіне көмегін ұсынады. Атап айтқанда, республикада ресейлік дизайндағы АЭС құрылысы жайлы сөз болуы мүмкін. Бірақ ол ғана емес. Бұл жерде тұтас бір сала құру туралы сөз қозғалып отыр. Оған Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдаланумен байланысты жаңа кадрлар даярлау да кіреді, – деді Путин Қазақстан мен Ресей президенттері қатысып жатқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Оның айтуынша, АЭС ауаның ластануына аз әсер етеді, өйткені ресейлік мамандар тиімді газ тазарту құрылғыларын орнату арқылы технологияны жетілдіріп, атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін барынша азайтуға қол жеткізіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір