• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:28:52
Алматы
+35°

Фото: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро сайты

Құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина түрмедегі ақын, белсенді, диссидент Арон Атабек бостандыққа шығатынын мәлім етті.
 
 
Құқыққорғаушы Павлодар қаласы №2 соты Арон Атабектің денсаулық жағдайын ескеріп жазасының қалған мерзімін 1 жылға пробациялық бақылауға алмастырғанын айтады.
 
Сот хабарламасында Арон Атабек омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы, жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті - демиелинизирлеуші ауруы секілді айықпас сырқатқа шалдыққаны жазылған.
 
Осылайша, сот Арон Атабектің жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегетініне байланысты қылмыстық кодекстің 77-бабы 2-бөлігіне сай, жазаны неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы шешім шығарған.

"Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды" делінген сот хабарламасында.

 
Бақытжан Төреғожина бірер күн бұрын ғана Арон Атабек ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат алғанын хабарлаған. Оған дейін бірнеше құқыққорғаушы Арон Атабектің денсаулық жағдайын ескеріп, оған рақымшылық жасау туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, қол жинаған.
 
Ал 18 тамыз күні Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі тобының өкілдері Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан ақынға барғанында  Арон Атабек топ мүшелеріне денсаулығына байланысты шағым айтқан.

Арон Атабек 15 жылдан бері түрмеде отыр. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір