Фото: Qamshy.kz
Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков соққыға жығылған. Бұл іске кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар, деп хабарлады zakon.kz.
Әлеуметтік желіде сот орындаушысы өз міндетін атқару кезінде бауыр тұсынан ауыр соққы алып, жан ұшыра айғайлап, жерге домалай кеткен видео тараған.
"Полиция қызметкерлерінің жанында белгісіз біреулер сот орындаушысына қысым жасай бастады. Олар сот орындаушысына өз міндетін орындауға тыйым салып, қорқытуға тырысқан. Сот орындаушысы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазды" деді Алматы қаласы жеке сот орындаушылар палатасы.
Жеке сот орындаушысын ұрған адам мұнымен шектелмеген. Ол боксшы Жанқош Тұраровты көмекке шақырған. Ол үйге келіп, сот орындаушыны полициядан арызды алуға көндірмек болған. қорқытқан.
– Бұл істің мәжбүрлі түрде тоқтатылуы жақын маңда тұратын бірқатар адамдарға кері әсер ететініне баса назар аудару керек. Егер құлайын деп қақырап тұрған қосалқы нысан көршілердің үйін қирататын болса, онда бірқатар адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі ықтимал. Ондайда бұл жағдайда сот орындаушысы жауапты болады, – дейді Ермеков.
Алматы қаласы жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, Әділ Ермеков дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Дәл қазіргі кезде ол жұмыста жоқ.
Бұған дейін сот орындаушысының қатысуымен арты қайғылы жағдайға ұласқан оқиға болған. 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында жеке сот орындаушысы өз міндетін атқару кезінде 54 жастағы ер адамның қолынан қаза тапқан. Қақтығыс кезінде тағы 4 адам мерт болған. Аталған оқиғадан кейін "Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" деген екі бап бойынша тергеу басталған. Кісі өлтіргені үшін күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір