Бұған дейін Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков қызмет барысында соққыға жығылып, оған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар деген ақпарат шыққан.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан сот орындаушысы өз міндетін атқару кезінде бауыр тұсынан ауыр соққы алып, жан ұшыра айғайлап, жерге домалай кеткенін көруге болады. Аталған дерек бойынша сот орындаушысы қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазған.
Жанқош Тұраров оқиға орнында болғанын, бірақ ешкімді ұрмағанын жеткізеді.
View this post on Instagram