08 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Илон Маск және Техас губернаторы Грег Эбботт
Әлемдегі ең ірі электромобиль өндіруші Tesla компаниясы штаб-пәтерін АҚШ Калифорния штатынан Техасқа көшіретінін жариялады.
Бұл қадам туралы компанияның атқарушы директоры Илон Маск Остиндегі жылдық акционерлер жиналысында мәлімдеді.
Бұған дейін Маск Ковидке қарсы әрекетіне байланысты Калифорния штатының жергілікті саясаткерлерімен келіспеушілікке тап болған. Tesla-ның негізгі зауыты орналасқан Аламеда округі пандемияға байланысты Масктың компаниясына бірнеше рет ескерту жасаған.
Ол акционерлерге Фремонттағы фабрикада (Калифорния) көптеген жетіспеушілік пен қолайсыздық болғанын айтты және бірнеше себебін келтірді.
– Сонымен қатар Калифорнияда Tesla қызметкерлеріне қолжетімді баспана табу қиын, зауытты масштабтау шектеулі болды. Ал Остинде біздің фабрика әуежайдан бес минуттық жерде, қала орталығынан 15 минуттық жерде, – деді Маск акционерлерге.
Технологиялық кәсіпкер кейде Калифорния билігімен қайшылықты қарым-қатынаста болған.
Мамыр айында жергілікті билік Калифорниядағы Tesla компаниясының Фермонд зауытын жабық ұстауға бұйрық берген. Бұл жергілікті саясаткерлер мен Маск арасында үлкен дау тудырды.
Маск Twitter-де "Tesla енді штаб-пәтерін және болашақ бағдарламаларын бірден Техас/Невадаға көшіреді" деп жазды. Алайда бұл қадам әзірге расталмады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір