• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Желтоқсан, 22:06:15
Алматы
+7°

Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Егіндібұлақ ауылында қар жауып, бұрқасын болғанын видеоға түсіргені үшін әкімдік қызметкерлерімен сөйлесуге мәжбүр болған тұрғыннан кешірім сұрады.

Бұған дейін жергілікті тұрғын Майя Манашева қар басқан ауласын видеоға түсіргені үшін ауыл әкімшілігінің өкіліне түсінік беруге мәжбүр болған. Ол видеоны туыстарына жіберген. Кейін видео әлеуметтік желіге таралып кеткен. Артынша желіде әйел адам әкімшілік қызметкеріне әрекетін түсіндіріп тұрған видео тарады. Ол жерде тұрғын екі күн қатарынан қар жауып, айналаны басып қалғаны туралы видеоны туыстарына жіберу үшін түсіргенін, бөтен ойы болмағанын айтып ақталады. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұртшылық әкімшілік қызметкерінің әрекетін жаппай сынаған.

Енді міне жағдайға байланысты Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов түсінік білдірді. Ол видеода кадр сыртында тұрған Самат Ыбыраев есімді ауыл әкімі әйел адамға көмек керек емес пе екенін білу үшін келген дейді. Сөзінше, ауыл әкімі әлеуметтік желілердегі шағымдарға байланысты әрекет ету туралы тапсырманы орындау үшін зейнеткерді видеокамераға түсірген.

Тұрғын әкімге ешқандай шағымы жоқ, көмекке мұқтаж емес екенін, әлеуметтік желіде видеоны кімнің жариялағанын білмейтінін айтқан.

Артынша Баянауыл ауданының әкімі қоластындағы қызметкердің әрекеті үшін кешірім сұрады.

 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Баянауыл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір