Фото: Ашық дереккөз
Илон Масктың SpaceX аэроғарыштық компаниясының бағасы осы аптада инвесторлардың акцияларын сатудан кейін 100 миллиард доллардан асты.
SpaceX 755 миллион доллар мөлшеріндегі акцияларды 560 доллардан сату туралы келісімге отырды. Мәмілемен таныс адамдардың пікірінше, бұл келісім компанияның бағасын 100,3 миллиард долларға дейін арттырады. "Компания қазіргі уақытта жаңа капитал тартпады" деп хабарлады ақпарат көздері.
Нәтижесінде, SpaceX қазір әлемдегі ең құнды екінші жеке компания болып саналады.
Бұл ақпарат туралы CNBC қаржы басылымына аты-жөнін айтпауды сұраған адамдар жеткізген. SpaceX ашық саудадағы компания емес және оның қаржыландыруы жеке адамға тиесілі болып есептеледі.
SpaceX компаниясы бұл ақпарат туралы әзірге ештеңе жарияламады.
Компанияның бағасы соңғы бірнеше жылда күрт өскен, өйткені SpaceX капиталды қажет ететін "Starship" және "Starlink" жобалары бойынша жұмысты қаржыландыру үшін миллиардтаған қаражат жинаған.
"Starlink" – Жершарының кез келген жеріндегі тұтынушыға жоғары жылдамдықты интернетті жеткізуге арналған ғарыштық жоба. SpaceX бүгінгі күнге дейін "Starlink" жобасы аясында 1740 жасандысерік ұшырды. Компания тарататын жоғары жылдамдықтағы интернеттің 14 елде 100 000-нан астам қолданушылар бар, олардың қызметтері айына 99 доллар тұрады.
"Starship" жобасы адамдарды ай мен Марсқа апарып, сонда қала салып, колония құруды көздейді. Компания прототиптерді Техастың оңтүстігіндегі қондырғыларда сынап жатыр және бірнеше қысқа сынақ рейстерін орындаған. Жақында жұлдызкемелер орбитада сыналмақ. Масктың айтуынша, жұлдызкемелер Жерде жолаушыларды тасуға қолданылады. Жұлдызкемелер арқылы Жершарының кез келген нүктесіне 50 минутта сапарлап баруға болады. SpaceX компаниясы келесі ұшырылымы үшін нормативтік келісімді күтіп отыр.
Қыркүйек айында SpaceX компаниясы қайырымдылыққа арналған "Inspiration4" деп аталатын әлемдегі бірінші жеке меншік азаматтық орбиталық ұшуды жүзеге асырды. "Inspiration4" миссиясы Сент-Джуд балалар зерттеу ауруханасы үшін қаражат жинауға және ақпараттандыруға арналған. Төрт адамнан тұратын экипаж үш күн бойы Жерді айналып ұшқан.
NASA 2011 жылдан бері америка аумағынан бірде-бір ғарышкерді ұшыра алмаған. Масктың SpaceX компаниясы АҚШ-тың ғарыштық державалар қатарына қайта қосылуына көмектесті. Оңтүстік Африкада туған Масктың аэроғарыштық компаниясы 2020 жылы Америка Құрама Штаттарының адамдарды ғарышқа ұшыруын мүмкін етті. Сол кезде SpaceX компаниясы ғарышкерлердің Қазақстаннан, Каспий теңізінен, Байқоңырдан өткен видеосын жариялаған. Компания қазірге дейін көптеген ғарышкерлерді ғарыш станциясына жіберді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір