• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:02:18
Алматы
+35°

G20 елдері Ауғанстандағы гуманитарлық апаттың алдын алу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Төтенше саммитті ұйымдастырушы Италия болды. 

Еуропалық Одақ ауған мәселесіне бөлінетін бір миллиард еуро қайда жұмсалатынын мәлімдеді. Қаржы ауған дағдарысына байланысты шұғыл гуманитарлық қажеттіліктерге, сондай-ақ 15 тамызда Талибан елді бақылауға алғаннан бері шетелге қашып жатқан адамдарды қабылдауға, Ауғанстанға көрші елдерге көмек көрсетуге жұмсалады.

Виртуалды саммитке Италия премьер-министрі Марио Драги, АҚШ президенті Джо Байден, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және көптеген еуропалық көшбасшылар қатысты. Онлайн саммитте Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин болмады тек олардың өкілдерін қатысты.

Драги екі ел лидерлерінің келмеуі G20-ның қазіргі төрағасы Италия ұйымдастырған "кездесудің маңыздылығын төмендетпеді" деді.

Саммитке қатысушылар Ауғанстандағы дағдарысты жеңілдету қажеттілігіне бірауыздан келісті. Қазір Ауғанстандағы жағдай мүшкіл. Елдің шетелдегі активтері бұғатталды, банктердегі ақшасы таусылды, мемлекеттік қызметкерлеріне жалақы төленбеді, азық-түлік бағасы қымбаттады. Миллиондаған адамға қыс жақындаған сайын қатты аштық қаупі төніп тұр.

Германия канцлері Ангела Меркель "Ауғанстандағы 40 миллион адамның дағдарысына қарап отыру халықаралық қоғамдастықтың мақсаты бола алмайды және болмауы керек, өйткені (Ауғанстанда) электр энергиясын беру мүмкін емес және қаржы жүйесі жоқ" деді.

ЕО қаржының Талибанға емес, жергілікті жерде жұмыс істейтін халықаралық ұйымдарға аударылатынын баса айтты.

G20-ның көмектерінің көп бөлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы жүзеге асады, бірақ сонымен бірге елге тікелей көмек те болады.

Драги Талибанмен жұмыс жасау олардың әкімшілігін мойындауды білдірмейтінін және Талибанды сөзімен емес, ісімен бағалайтынын баса айтты.

Ол кедей елдегі әйелдердің жағдайы әлемді алаңдатып отырғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта біз прогресс көрмедік. Болашақ гуманитарлық бағдарламалар әйелдер мен қыздарға бағытталуы керек және елден кеткісі келген ауғандарға қауіпсіз жол берілуге тиіс" деді Драги.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: G20 Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір