• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:38:16
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин "Новая газета" газетіндегі жұмысы үшін жақында Нобель сыйлығын алған журналист Дмитрий Муратовқа ескерту жасады.

"Егер Нобель сыйлығын Ресей заңдарын бұзатын қалқан ретінде қолданғысы келсе, ол мұны саналы түрде жасайды" деген Путин Муратовтың Ресей заңдарын бұзбаса, "шетел агенті" деп айыпталмайтынын жеткізді.

Кремль бұған дейін Муратовты марапатымен құттықтаған. Журналист Нобель сыйлығының ақшасы оны "шетелдік агент" деп жариялауға негіз болмайтынына сенімді екенін айтқан.

Кремльдің дау туғызған заңы бойынша, Ресейдегі БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар шетелден қаржылық көмек алатын болса, "шетелдік агент" ретінде қарастырылады. Сыншылар бұл заңды Мәскеу өзінің саяси жаулары мен тәуелсіз БАҚ-тарға қарсы қолданатын құрал деп санайды.

Муратов Ресей үкіметі не істесе де, сыйлықтан бас тартпайтынын айтты.

"Мен Пастернак емеспін" деді Муратов ресейлік Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында. Борис Пастернак 1958 жылы Нобель әдебиет сыйлығын алған, бірақ сол кездегі Кеңес үкіметі оны сыйлықтан бас тартуға мәжбүрлеген.

"Мемлекет қалағанын жасай алады, бірақ біз сыйлықты қабылдаймыз; біз сыйлықтан бас тартпаймыз" деді Муратов.

Муратов сыйлықты Ресейде қаза тапқан алты журналистке арнайтынын айтқан.

Норвегия Нобель комитеті өткен жұма күні Муратов пен филиппиндік журналист Мария Рессаға Нобель сыйлығын табыс еткен. Екеуі де өз елдерінде сөз бостандығы үшін табандылықпен күрескені үшін марапатталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір