14 Қазан, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
"Норвегияда ер адам садақпен шабуылдап, бес адамды өлтірді. Тағы екі адам жарақат алды" деп хабарлады BBC.
Ослоның оңтүстік-батысындағы Конгсберг қаласындағы полиция бөлімшесіне жергілікті уақыт бойынша 18:13-те шабуыл туралы хабар келген.
Шабуыл жасады деген күдікпен 37 жастағы Дания азаматы ұсталды.
"Полиция оның жалғыз әрекет еткенін хабарлады және шабуылдың террористік әрекетке жататын-жатпайтынын тексереді" деді жергілікті полицияның баспасөз хатшысы.
Премьер-министр Эрна Солберг оқиға туралы хабарларды "қорқынышты" деп сипаттады.
"Мен түсінемін, көп адамдар қорқып жатыр, бірақ оқиға қазір полицейлердің бақылауында екенін баса айтамын" деді ол баспасөз мәслихатында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір