• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:59:38
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі оқ-дәрілерді жою жұмыстары басталды. Енді Байзақ ауданында бір ай бойы дүмпу болады. Қазір қоймадағы қауіпті қалдықтарды шалғайға апарып жарып жатыр. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады. 

Бір күнде 6 рет жарылыс болған. Қоймадан 400 келідей оқ-дәрі шығарылып жойылған. Әскерилер тұрғындарға жарылыс болатындығы жөнінде ескерттік дейді. Алайда әскери бөлімге тиіп тұрған Қайнар ауылының тұрғындары дүмпуден әбден мезі болғандарын айтады.  

– Ататынын атып, жаратындарын жарып тезірек бітсе екен. Қорқып-қорқып өлетін болдық,  шыны керек. Мезі қылды, әбден шаршап кеттік. Осы соңғысы болса екен, бұдан кейін бұлай болмасын, – дейді Гүлзира Жамбылова есімді Қайнар ауылының тұрғыны. 

Жару жұмыстарына инженерлік-саперлік мамандардан 20 шақты адам жұмылдырылған. Қазір тек жарылған қоймадағы қалдықты заттар ғана жойылып жатыр. Қоймада қанша жарылғыш зат қалғаны белгісіз.

Әскерилер енді мүлдем жарылыс болмайды деп айта алмай отыр. Ал жоспарлы жару жұмыстары дүйсенбі мен жұма күндері аралығында жүргізіледі. Бұл жұмыстар 13-қарашаға дейін жалғаспақ.



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл Жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір