• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

05 Желтоқсан, 07:44:26
Алматы
+5°
Алматы метросының екі жаңа бекеті іске қосылғанда жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға дейін өсетін болады Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев метрополитеннің екінші іске қосу кешені нысандарының құрылыс барысымен танысу барысында мәлім етті.
 
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші іске қосу кешені аралық тоннельдерден және қазіргі кезде әрлеу жұмыстары жүріп жатқан "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" екі бекетінен тұрады. Кешен учаскесінің трассасы Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан. Құрылыс ұзындығы екі жолды бағытта 3,08 км құрайды.
 
"Екінші іске қосу кешенінің жалпы дайындығы 91%. Бүгінде темір-бетон конструкцияларының құрылысы, аралық тоннельдерді қазу аяқталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, жолдың жоғарғы құрылысы аяқталып қалды. Қалған жұмыстарға инженерлік желілерді төсеу және жабдықты іске қосу кіреді.
 
Бүгінде орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 30 мың адамды құрайды. Мамандардың есептеуі көрсеткендей, екінші іске қосу кешені пайдалануға берілген соң орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 86 мың адамға жететін болады. Бұл – Абай даңғылындағы көлік қозғалысын едәуір жеңілдетуге және мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарының мобилділігін арттыруға мүмкіндік береді" делінген ақпараттық хабарламада.
 
 
 
Қос бекетті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімі Б. Сағынтаев жыл соңына дейін станциялардың техникалық іске қосылуын қамтамасыз ету үшін құрылыс-әрлеу жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізуді тапсырған.
 
Ал "Қалқаман" бекеті трассасы құрылысы жүріп жатқан Абай даңғылының астында, Яссауи шесінен Әшімов көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан. Жол ұзындығы 2,5 шақырым. Құрылысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Есептік жолаушылар ағыны күніне шамамен 93 мың адамды құрайтын болады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы метро

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір