• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:40:37
Алматы
+35°
 
Алматы облысы Балқаш көлі маңында жеңіл моторлы чартерлік ұшақ құлады. Бұл ақпаратты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады.
 
Ведомство ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.

"17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те Қарағанды брифингіне командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен",  делінген министрлік хабарламасында.

Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.

Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұшақ Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір