• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:48:33
Алматы
+12°

Онлайн хабарландыру платформаларының бірінде мектеп түлегі "Алтын белгі" медалін 2 миллион теңгеге сатуға қойған, деп хабарлады "Наша газета" басылымы.

Хабарландыру сайтта жарияланды, онда Қостанай қаласы белгіленген.

– 2 миллионға сатамын, жаңа. Білесіз бе, бұл эксклюзив медаль, қазір мұндайлар көп емес! Егер сатып алсаңыз, 1,5 миллионға беремін, – деп жауап берді хабарландыру авторы телефон арқылы әңгімелесу кезінде.

Оның айтуынша, ол мектепті биыл бітірген. Медаль иесі өзін таныстырудан бас тартқан. Естелік затты не себепті сатқалы жатқанын да түсіндірмеген.

Еске салсақ, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 738 түлек "Алтын белгі" иегері атанған. Өткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда бұл рекорд болып саналады.

Биыл Қазақстанда жаңашылдық енгізілді. Енді "Алтын белгіге" үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектеп емес, білім басқармасы жанындағы комиссия қарайды. Оқу озаттарының тізімі осы комиссия шығарған шешімнен кейін бекітіледі.

Qamshy.kz

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір