20 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Жуырда түрме жазасы жеңілдетіліп, үйіне жіберілген диссидент ақын Арон Атабек реанимацияға түсті. Бұл жөнінде Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева хабарлады.
Оның айтуынша, Арон Атабек қазір Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде жатыр.
– Иә, ол шынымен, ауруханаға жатқызылды. Қай аурухана екенін айта алмаймыз, ол жеке клиникада. Жағдайы онша емес, өйткені жансақтау бөлімінде жатыр, – деді Атабектің әпкесі.
Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды "денсаулық жағдайына байланысты" түрмеден шығарған.
5 қазан күні белсендінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. Кейін Атабектің ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Артынша ол үйінде жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатқаны хабарланды.
10 қазан күні бір топ белсенді Арон Атабек кітабының тұсаукесерін өткізді. Олар туындыны Арон Атабектің бостандыққа шығуына орай жасалған сыйлық екенін айтқан.
Арон Атабек 15 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір