• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:37:32
Алматы
+35°

Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың арасында қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков та бар, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған қоса, министрлік әкім орынбасарына қатысты тәртіптік шара қолдану туралы хат жолдаған.

Білім министрлігінің қызметкерлері әкімшілік істі қарады. Тексеріс барысында сенбілікке №43 мектептің мұғалімдерінен бөлек, №9 мектептің мұғалімдері де жіберілгені анықталды.

"Мұғалімдер қаланы абаттандыру жұмыстарына Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковтың хаты негізінде шыққан. Хатта ұстаздардың сенбілікке таңғы сағат 09.00-да шығуын қамтамасыз ету тапсырылған. Әр мектепке аумақты тазарту жұмыстарын жүргізу үшін белгілі бір учаске берілген. Тапсырманың орындалуын бақылау әкімдіктегі бөлімшелердің біріне жүктелген" делінген хабарламада.

Осыдан кейін білім министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне мұғалімдерді қызметінен тыс жұмыстарға тартуға, оқу процесіне кедергі келтіруге болмайтыны туралы хат жолданды. Себебі бұл "Педагог мәртебесі туралы" заңға қайшы келеді.

"Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко сөгіс алды және әкімшілік жазаға тартылды. №9 орта мектептің директоры Н.В. Тегай мен №43 орта мектеп директорының міндетін атқарушы А.В. Искрина да әкімшілік жауапкершілікке тартылды" деді ведмоство.

Еске салсақ, 16 қазанда әлеуметтік желіде Семейдің №43 мектебінде оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді сенбілікке көше сыпыруға жібергені туралы ақпарат тарады. Білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі сабақтарды тоқтатып, мұғалімдерді көше сыпыруға жібергендер жазаланатыны туралы жазған болатын.

Кейін Семей қаласының басшылығы министрге тазалық бүкіл қалада болғанын айтып, сабақтардың тоқтатылмағанын, онлайн форматта жүргенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір