• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:46:40
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Назарбаев президент ретіндегі өкілеттігін тоқтатуы себептерінің бірі   омыртқасына жасатқан отамен байланысты екенін айтты. Бұл туралы   "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде берген сұхбатында хабарлады.

– Қазір бұрын ешқайда айтпаған дүниені айтайын. Мен омыртқама, беліме  өте күрделі ота жасаттым. 2011 жылы  8 наурызда  концертте отырғанбыз. Концерт бітті, орнымнан тұрдым. Бітті, аяғымды баса алмаймын. Бірдеңе болды. Күзет офицерін шақырдым да, "қасыма тұр" дедім. Адамдар байқамауы үшін оның қолынан таяқ ұстағандай ұстап алып жүрдім. Зал лық толы. Міне, осылай болды", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сараптама кезінде омыртқасында ақау бары белгілі болған. Кейін ота жасатқан.

– Бала кезімде қызыл отряд командирі туралы фильм көргенмін. Ол жараланады, ал отряд шабуылға шығуы керек. Бірақ ол қолын таңып, пальтосын киіп, жасақ алдында тұруы керек болды. Президент те сондай. Президент науқас болса, ол мемлекетті басқара алмайды. Жағдайы қиын болса, елдің жағдайы қандай болады? Ел қиналуы керек пе? Ел аралап, кездесу өткізуді жалғастыруы керек, 350 кездесу. Ал денсаулық жарамаса қалай кездесу өткізесіз?

2011 жылы болатын. Одан кейін де емделуге тура келді, ол күрделі ота еді. Маған тәжірибелі, жақсы хирург кездесті. Бұл да маңызды шешім шығаруыма себеп болды. Бұл туралы ешқашан айтқан емеспін. Мұны қалай айтамын және қалай жұмыс істеймін? Кету керек. Бірақ кетуге дайын болмадым, өйткені ізбасар мәселесі шешілмеді, – деді Назарбаев.

Ол биліктен кеткеніне екі жылдан аса уақыт өткеннен кейін де таңдауына өкінбейтінін айтты.

– Осы жағдайдан кейін, ешқашан ауырған емеспін, қазір де ауырмаймын, – деп қосты ол.

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда президент ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан. Алайда НұрОтан партиясы мен қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде билікке ықпал ете алады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрсұлтан Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір