• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:57:46
Алматы
+35°

Теміртауда 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады. 

Ұлттық гвардия "Орталық" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 21 қазан түнгі сағат 01:30 шамасында азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаз Оңғаров С.Б. постта тұрған кезде қарумен өз басына оқ атқан.

"Әскери қызметкер шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Сағат 02.20-да сарбаздың өлімі тіркелді. Аталған факт бойынша орталық өңірдің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда" делінген хабарламада. 

Марқұм 20 жаста болған. Ол әскери борышын өтеуге Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан келген. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сарбаз суицид

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір