• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:04:24
Алматы
+12°

Танымал голливуд актері Алек Болдуин түсірілім алаңында байқаусызда оператор әйелді атып өлтірді, деп хабарлады  РИА Новости сайты.

Оқиға "Тот" (орысша "Ржавчина" -ред) вестернінің түсірілімі кезінде болған.

Басылым хабарлауынша, оқыс оқиға қару қолданылған сахналардың бірінде болған. Алайда бос патрондармен оқталуы керек болған тапанша оқ-дәрімен оқталған болып шықты.

Алек Болдуин тапаншадан оқ ату кезінде фильм режиссерінің бұғанасы жараланған. Ал оператор қызметін атқаратын 42 жастағы Халина Хатчинс ауыр жарақат алып, Альбукерке ауруханасына жеткізілгенімен дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Полицияның мәліметінше, Болдуинға әзірге ешқандай айып тағылмаған. Әзірге қару неліктен оқ-дәрімен оқталғаны, актер не себепті оқты оператор мен режиссерге атқаны белгісіз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алек Болдуин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір