• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:20:14
Алматы
+35°

Бүгін Алматы әуежайында көлікпен соқтығысқан ұшақта  "Қайрат" футбол клубының жаттықтырушылары мен футболшылары отырғаны белгілі болды,  деп хабарлады Zakon.kz сайты.

– Расыменде "Қайрат" футбол клубының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы бортта болды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Команда біраз уақыт ұшақта отырды, содан кейін клубтың базасына кетті. Кешке 24 қазан, жексенбі күні өтетін "Қайрат" - "Астана" маңызды матчының алдындағы жаттығу болады, – деді "Қайрат" ФК баспасөз қызметі.

Одан бөлек, клубтың баспасөз қызметі футболшылар мен жаттықтырушылар Бакуден ұшып келгенін айта кетті. Олар Конференция лигасының топтық кезеңінде "Қарабаққа" қарсы кездесу өткізген.

Бүгін Алматы әуежайында үшақ пен көлік соқтығысқан. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 344-бабы, 1-бөлігі (Әуе көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір