• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:51:22
Алматы
+35°

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті хабарлады. 

Оқиға 24 қазан күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде болған. "Lada Vesta" және "Lada Priora" автокөлігі қатты жылдамдықпен соқтығысып, салдарынан екеуі де өртенген.

Жол апатынан "Lada Priora" автокөлігінің Б есімді жүргізуші мен Б есімді жолаушысы көлікпен бірге жанып кеткен. Оларды аман алып қалу мүмкін болмады.

Ал "Lada Vesta" көлігінің Г есімді жүргізушісі мен оның С есімді жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілген.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от PoliceWestKaz?? (@policebqo)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҚО Жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір