26 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі алдағы үш айға эпидемиологиялық жағдай болжамын жаңартты. Бұл туралы министр Алексей Цой үкімет отырысында мәлім етті.
Алексей Цойдың айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қараша айында тәулігіне орташа есеппен коронавирус жұқтырған 1800 адам, желтоқсанда – 2350, ал қаңтарда 3000 адам тіркеледі.
Реалистік сценарий кезінде қарашада тәулігіне – 1650, желтоқсанда 1600, қаңтарда 1500 адам індетке шалдығады деген болжам бар.
Оптимистік сценарий жүзеге асса, қарашада тәулігіне – 1500, желтоқсанда – 1100, қаңтарда 650 жағдай тіркеледі.
– Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуде, – деді Цой үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, соңғы 2 айда елде коронавируспен ауырғандар 4,5 есе төмендесе, өлім-жітім 4,8 есе азайған. Сондай-ақ елде уақытша ашылған 103 инфекциялық нысан жабылды.
Кеше коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бірнеше айдан бері "қызыл" аймақта тұрған Алматы қаласы "сары" аймаққа, Алматы облысы "жасыл" аймаққа өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір