• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 11:03:31
Алматы
+8°

Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында мектеп оқушылары арасындағы жанжалда жарақат алған 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы белгілі болды.

"2005 жылы туған бала 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түсті. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, ашық бас сүйек-мидың ауыр жарақатын алған" делінген Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жасөспірім 2-3 дәрежелі травматикалық шок алған. Есі бар.

27 қазанда Панфилов ауданының орталық ауруханасына Пенжім кентінің мектебі аумағынан дене жарақатымен 16 жастағы жасөспірім түскен. Тексеру барысында жарақатқа 9-10-сынып оқушылары арасындағы төбелес себеп болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде түрлі видео мен расталмаған ақпарат тарап жатыр. Бір видеода мектеп ауласында оқушылар төбелескені көрінсе, келесі видео түнгі уақытта түсірілген. Ол жерден бір топ жасөспірімнің арлы-бері жүргенін, тұрғындардың үрейлі даусын, дүкен өртеніп, көлік терезелерінің сынғанын байқауға болады.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде кикілжіңнің ұлтаралық сипаты бары туралы ақпарат шығып жатыр. Расталмаған деректер бойынша қазақ-ұйғыр жастары арасында қақтығыс болған.

Полиция департаменті таратқан хабарламада ол туралы ештеңе айтылмайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пенжім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір