• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:00:29
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Аса ауылында газ өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында "Амангелді ГӨЗ" ЖШС-нің Тараздағы бөлімшесі (газ өңдеу зауыты) аумағында өрт шықты. Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі цистерна жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел қызметіне шақырту сағат 12.04-те келіп түсті,  делінген хабарламада.

Өрт сағат 13.05-те оқшауланып, 13.17-де сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы мәлімет жоқ.

Өртті сөндіруге 21 техника мен 75 адам жұмылдырылған. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Qamshy

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір