31 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Желіде белгісіз әйел жүк тиегіш-экскаватордың ковышына мініп алған видео тарап жатыр. Видео taldykorganec.insta парақшасында жарияланды. Оқиға Алматы облысы Сарыөзек ауылында болған.
Видеода әйел қауіпсіздік шараларын елемей, жұмыс істеп жатқан жүк тиегіштің шөмішіне шығып алғаны көрінеді. Тракторды Сарыөзектің 47 жастағы тұрғыны жүргізген, полиция қызметкерлері оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
"Сарыөзекте бір тонна көмір алу үшін жұрт өлуге де дайын" делінген парақшадағы жазбада.
Оқиғаға байланысты полиция департаменті түсініктеме берді.
"47 жастағы жүк тиегіш жүргізушісі жол қозғалысы ережелерінде қарастырылған жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын сақтамау бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке жауапқа тартылды. Көмір базасының иесімен және жұмысшыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді" делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір