01 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесінен зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова хабарлады.
– 2005 жылы туған науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Ал 1968 жылы туған науқас хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр,– деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова.
Еске салайық, 27 қазан күні Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылар арасында жаппай төбелес болды. Салдарынан 2005 жылы туған бір оқушы ауруханаға түсіп, 1968 жылғы ер адамның басына тас тиіп, жарақат алған. Сонымен қатар бірнеше үй мен көліктің терезесі сынғаны хабарланды.
Дәрігерлер алғашында зардап шеккен баланың денсаулық жағдайы ауыр екенін айтқан. Бүгінде ауылдағы үйлердің материалдық шығындары есептеліп жатыр. Қазіргі уақытта 30-дан астам үйдің терезелері толықтай қалпына келтірілген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі (Бір топ адамдар жасаған бұзақылық және Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Кінәлілер сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір Пенжімде патрульдік жасақтар кезекшілікті жалғастыруда. Олар тұрғындардың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір