• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 20:44:11
Алматы
+12°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Елордадағы «Казмедиа» орталығында «WorldSkills Kazakhstan – 2021» ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Ұлттық чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен қатысушы колледж студенттерінің 600-ге жуығы қатысты.

Чемпионат Қазақстанның 8 өңірінің өндіріс алаңдарында 1 ай көлемінде өткізілмек. Жалпы, Ұлттық чемпионат Республика аумағында осымен алтыншы рет өтуде.

WorldSkills – өз ісінің үздіктерін анықтайтын, жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып, кәсібилікті насихаттайтын жахандық жоба.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов чемпионаттың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, шараның халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген жас мамандармен қамтамасыз етуде маңызы зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ, бас ұстаз техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында жұмысшы мамандарын даярлаудың инфрақұрылымын дамыту, «Жас маман» жобасы бойынша оқу бағдарламаларын қайта қарап, модернизациялау, кадрларды еңбек нарығына сәйкестендіру мәселелеріне тоқталып өтті.

Шымкент қаласынан чемпионатқа жолдама алған, 32 құзыреттілік бойынша 33 қатысушы-студенттер қаланың намысын қорғайтын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір