• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 14:57:36
Алматы
+8°

АҚШ президенті Джо Байден Ұлыбританияның Глазго қаласында өтіп жатқан климат саммиті кезінде әлем елдерінен кешірім сұрады.

Ол Трамп әкімшілігінің Париж климаттық келісімінен шығу туралы шешімі үшін басқа әлем көшбасшыларынан кешірім сұрап, АҚШ-тың келісімнен шығуы елді климаттық мақсаттардан кейін қалдырғанын айтты.

– Мен кешірім сұрамауым керек деп ойлаймын, бірақ Америка Құрама Штаттарының соңғы әкімшілігі Париж келісімінен шығып кеткені үшін кешірім сұраймын. Бұл – бізді біраз артқа қалдырды, – деді Байден Глазгодағы саммитте.

АҚШ президенті қаңтарда ант бергеннен кейін Вашингтонның Париж келісімдеріне қайта қосылатынын мәлімдеген.

Саммиттегі сөйлеген сөзінде Байден жаһандық көшбасшыларды климаттың өзгеруіне қарсы ауқымды шаралар қабылдауға шақырды және осы жағынан АҚШ әлемге үлгі болатынына сенетінін жеткізді.

Бұған дейін Ұлыбританияда ғаламдық климат саммиті өтіп жатқаны хабарланған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден саммит

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір