• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:16:27
Алматы
+12°

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлік қымбатшылығына байланысты пікір білдірді.  

– Бағаның өсуіне қатысты айтатын болсам, маусымдық өзгерістер болуы мүмкін. Желтоқсан айында мереке күндері азық-түлік бағасы көтерілетінін бәріміз жақсы білеміз. Біз бәріміз жаңа жылға дайындалып жатырмыз, бағалар үнемі өсіп келеді. Бәрінен бұрын азық-түлік қымбаттайды, –  деді Әсет Ерғалиев мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ министр қазір дүкенде нан мен картоп қанша тұратынын және өзі азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты. 

– Нан 130 теңге тұрады, түріне байланысты. Картоп 425 теңге шамасында. Азық-түлікке айына 50-60 мың теңге жұмсаймыз. Барлық отбасылар сияқты қант, ұн, сүт аламыз, –  деді ол.

Қазақстанда қымбатшылық салдарынан тапқан табысты тұтыну тауарларына жұмсау көрсеткіші алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір өскен.

Қамшы тілшісіне тұрғындар айлығының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайтынын, қымбатшылық салдарынан айлығы жетпейтінін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір