04 Қараша, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Грузия экс-президентінің жеке дәрігері Николоз Кипшидзе Саакашвилидің денсаулығы әлсіз, жағдайы кез-келген уақытта нашарлап кетуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.
– Бүгін біз сынамалардың нәтижелерін алдық және консилиуммен бірге барлық жағдайды қарастырдық. Бір апта бұрын өткен кеңеспен салыстырғанда нәтижелер нашарлады. Экс-президент жүрек соғысының тез соғуына шағымданады, халі бұрынғыдан әлсіздеу. Жағдай кез келген уақытта күрт нашарлап кетуі мүмкін. Жағдай тұрақсыз болғандықтан, нақты ештеңе айта алмаймын, – деді Кипшидзе журналистерге.
Экс-президент жұма күні кезекті рет дәрігер тексеруінен өтеді.
– Денсаулығын жиі бақылап отыру үшін келесі консилиумды жұма күні өткізуді ұйғардық. Біз қиын кезеңге аяқ басудамыз, өйткені бұрынғы президент өз салмағының 10 пайызын жоғалтты, бұл – өте қауіпті, – деп қосты Кипшидзе.
Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузия президенті болды. Кейін оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, ол елден кетуге мәжбүр болған. Сот саясаткерге сырттай үкім кескен. Саакашвили өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.
Михаил Саакашвили 1 қазанда өз еркімен Грузияға келіп, бірден ұсталған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір