• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

05 Желтоқсан, 07:00:06
Алматы
-8°

фото: Маңғыстау облысы баспасөз қызметі

 

Ақтаулық Дамир Төребай күмістен түрлі әшекей бұйымдар жасайды. Сурет салуға қабілеті мол Дамир жастайынан зергерлік бұйым жасаумен айналысады. Ол Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын зергелік іс мамандығы бойынша тәмамдаған. Дамир

Ақтау қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл Дамир «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грантқа ие болды. Берілген қаражатқа қажетті құрал- жабдықтар алып, шағын  шеберхана ашқан. Дамир

-«Зергерлікке ғана емес, кішкентайымнан сурет салуға, мүсін жасауға, ағаш оюға құмарлығым болатын. Зергерліктің қыр-сырын жете меңгеру мақсатында осы саланы таңдадым. Әдемі бұйымдар жасауға қызығамын және бұйымдарды тек күміспен жасаймын», - дейді Дамир Төребай.

Қазір шебер қыз-келіншектерге арналған  ұлттық нақыштағы сақина, сырға, білезіктер жасайды. Ескі бұйымдарды жаңа үлгіде жасап шығаруға тырысады. Жас кәсіпкер болашақта шеберханасын кеңейтіп, ұлттық мұраны әлемге паш еткісі келеді. ДамирДамир

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір