• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:10:59
Алматы
+35°

Алматыда жоғалған Ақназар Қажымұраттың қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. 

Бүгін әлеуметтік желіде Ақназардың туған-туыстары оған іздеу салды. Ол 3 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткені хабарлаған. Сол күні кешкі уақытта әжесімен телефон арқылы сөйлесіп, кейін байланысқа шықпаған. 

Алматы қалалық полиция департаменті жас жігіттің денесін Бостандық ауданынан тапты.

"Денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ. Қазіргі кезде Ақназардың өліміне себеп болған жайттар анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындаған" делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 2018 жылы Ақназар Қажымұраттың есімі әлемнің жас дарындары арасында кеңінен танылды. Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан сүрінбей өтіп, ең жоғары ұпай жинады.

Соның арқасында Американың кез келген үздік жоғары оқу орнын таңдауға мүмкіндік алған. Ол Гарвард университетінің грантын алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір