• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:52:06
Алматы
+35°

Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың “Ақын” фильмі 34-ші Халықаралық Токио кинофестивалінде “Үздік режиссер” аталымы бойынша жеңіске жетті.

Бұл фильм поэзия туралы ғана емес, қазіргі уақытта, өнерді бағаламайтын кезеңде ақын болудың оңай еместігін, қаншалықты қиын екендігін көрсететін туынды. Режиссер өз сөзінде фильміне қазылар алқасының тарапынан жоғары баға берілгендігіне риза болып, нақты бағасы берілер уақыт алда екендігін атап өтті.

«Ақын» фильмінің сценарийін жазуға неміс жазушысы Герман Гессенің шығармасы себеп болған. Ол автор «Игра в бисер» деген романы үшін «Нобель» сыйлығын алған. Жазушының «Авторский вечер» деген әңгімесі режиссерды бей-жай қалдырмаған. Сол әңгіме түрткісімен үлкен сценарий бастап, шығармашылық адамының басынан өткен жағдайлары мен мәселелері арқылы үлкен тақырыпты қозғауға болады деген ойға келіп, қоғамға үн қатқан. Фильмде шығармашылық адамдарының өмірі, көзге көрінетін, кейде көрінбейтін мәселелері көрсетілген.

Басты рөлді «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев сомдаған. Тілі де, түрі де қазақ ақынына келіп тұрған соң режиссердың таңдауы «Жігіттердің» жігітіне түскен. Фильмде Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс секілді ақындардың өлеңі пайдаланылған.

Еске сала кетсек, Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма», «Шілде», «Студент» секілді фильмдері бар. Көптеген халықаралық кинофестивальдерінің жүлдегері.

Эльенора ӘМІР

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір