• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:40:34
Алматы
+8°

Қазгидромет 11-13 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде қар мен жаңбыр жауады. Екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Нұр-Сұлтанда 11 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Сынап бағаны түнде -1°C, күндіз +4°C көрсетеді. 12 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде -2°C, күндіз +2°C болады. 13 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде -4°C, күндіз -1°C суық.

Алматыда 11 қарашада күн бұлтты, түнде 0°C, күндіз +8°C жылы болады. 12 қарашада түнде +2°C, күндіз +12°C жылы. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +4°C, күндіз +10°C жылы.

Шымкентте 11-12 қарашада күн ашық, күндіз +14°C жылы, түнде +1,+3°C. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +2°C, күндіз +9°C жылы болады.







"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір