15 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Байдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жоспарлануда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, маңызды жобаның құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған.
Нысан құрылысына жауапты мердігер - «КазахДорСтрой» ЖШС. Ал техникалық қадағалаушы - «ЮжКазЭксперт» ЖШС.
Құрылыстың техникалық көрсеткіштеріне сәйкес, Байдібек би даңғылында 700 м, Арғынбеков көшесінде 921 м аралықта жол жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоспарға сәйкес жолайрықта ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол қаралған және 61 учаскені мемлекет мұқтаждығына алу көзделген. Сонымен қоса жол жиегінде 1,5 метр жаяу жүргінші жолы және 1 метрлі веложол салынатын болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір