• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:22:35
Алматы
+7°

17 Қараша, 2021 NEWS

Сәнге айналған "Садху"

Садху тақтайшасы, шегеге тұру терапиясы

көрнекі сурет

Екінің бірі болмаса да, қазір біраз адамның шегеге тұрып жүргендерін байқап қаламыз. Әлеуметтік желіде суреттерін жүктеген жандар жетерлік. Көріп алып, бірден «қауіпті емес пе, қорқынышты емес пе?» деген сұрақ қоясыз. Шегеге тұрамын деп әлбетте тақтайға шеге қағып алмайсыз. Ол қауіпті. Ол терапия үшін арнайы «Садху» тақтайшасы қолданылады. 

Бұл терапияның бастауы Үндістаннан келген. Денсаулыққа өте пайдалы. Адамның табанында жетпіс мыңнан астам талшықтар болады. Шегеге тұрғанда адамның қан айналымы жақсарып, энергиясы артады. Бұл – аяққа жасалған ең күшті массаж деуге әбден болады. Тақтайшада қанша шеге бар, сонша қол аяққа массаж жасайды деп есептеуге болады.

Мамандардың айтуынша, кез-келген адам шегеге бірден тұра алмайды. Алдымен мақсат керек. Адаптация керек. Қызық үшін тұрса, ұзаққа бармайтынын бірден айтады. Адамның миында, ой-санасында қоқыс ақпарат болатыны сөзсіз. Қорқыныш та болады. Сондай керек емес нәрселерден құтылу үшін, үнемі жақсы ойлау үшін, депрессияға түспеу үшін шегеге тұру таптырмас құрал. Шегеге үнемі тұратын адам стресс пен депрессияны ұмытады. Өзін мазалап жүретін үлкен-кіші мәселелер шегеден кейін ұсақ-түйек болып қалады. Яғни, қорқыныш азаяды. Әрине, бірден ұзақ тұру мүмкін де, міндет те емес. Басында адамның денесі ауырып, жаны қиналады, азап шегеді. Сосын бар ойы азапта болады. Содан кейін ғана ойды басқа нәрсеге бұру арқылы босаңсиды. «Егер қорықсаңыз, шегеге тұрыңыз. Қалай қорқыныш пен ауруды жеңесіз, жаңа энергия көзі пайда болады» дейді мамандар.

Шегеге тұру –  адамның таңғы ұйқысын шайдай ашады, сергектік сыйлайды, ұйқыны қалпына келтіреді, денеге қуат береді, қанды ретке келтіреді, табандылықты дамытады, шыдамдылықты шыңдайды.

Жан мен тән – бір-бірімен өте тығыз байланысты. Жанды емдеу үшін тек психологпен сөйлесіп, дәрігердің қабылдауына бару міндетті емес. «Денеге бағытталған терапия» ұғымына кіретін жаттығулар арқылы жанды емдейді, психологиялық жарақаттарды жазады. Шегеге тұру терапиясы сол денеге бағытталған терапияның бір бөлігі. Бұл терапиядағы ең басты ерекшелік –  ауруды сезіну. Ауыр күйзелісте жүргендер өз денесін, жан-тәнін сезбей қалады. Яғни, робот секілді күй кешетіндер бар. Сондай кездерде денесіне өз еріктерімен жарақат салып, сезімдерін тексеріп жүретіндер де болады. Шегеде тұру сипаттамасында «дәл қазіргі сәттегі сезім» («состояние здесь и сейчас») деген бар. Ол адамға өткен шақтағы уайым немесе болашақтағы қорқыныштарды емес, дәл қазіргі сәтті сезінуге көмектеседі. Депрессияда жүретін адамдар көбіне өткен шақпен өмір сүретіні жасырын емес. Өткенді көп ойлап, сол аурадан шыға алмай жүргендерге бұл сезім қазіргі сәтті сезінуге, осы сәтке оралуына әсер етеді.

Түсінгеніміздей, бұл терапия физикалық ғана емес, психологиялық терапия. Ми қызметіне әсер етеді, кеңейтеді. Тұрақты айналысқан адам күйзелістен алыс жүреді. Және иммунитет жоғарылайды, зат алмасу жақсарады. Тіпті арықтауға да көмектеседі екен. Яғни, тұрақты түрде айналысқанда нәтиже болады. Таңертең 1 минут шегеде тұру – 10 шақырым жүгіргенмен тең деген ақпарат бар. Адам өз денесін босаңсытқанда түрлі сезім сезінуі мүмкін. Біреуі айқайлайды, біреуі жылайды, біреуі күледі. Уақыт өте келе адам садху тақтасында тұрғанда саналы түрде эмоциясын басқаруды үйренеді.  Және бойындағы өкпе-ренішті, үрей мен  қорқынышты, бала кезден қалған жарақаттарды ауа арқылы сыртқа шығарады.

Қазір садху тақтасын сатып алып, өз бетімен айналысатындар да бар. Алайда бастапқы уақытта мамандармен, йога жаттықтырушысымен жұмыс істеуге кеңес береміз. Егер, жалқаулықтан құтылып, жігеріңізді шыңдағыңыз келсе, өміріңізді өзгерткіңіз келсе бәлкім шегеге тұрып көрерсіз?!..

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір