• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 04:29:08
Алматы
+12°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл Шымкентте елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды іске асырыла бастады. Мәселен, қаладағы 81 елді мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса,16-сы жарықты жекеменшік жүйе арқылы пайдаланады. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегінше, биыл электрмен қамту үшін 11,4 млрд. теңгеге 4 қосалқы станция мен 16 елді мекенде ішкі жүйелерінің құрылысы жүруде.

Жыл соңына дейін Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында құрылыс жұмыстары аяқталып, 21 мыңнан астам тұрғын сапалы электрмен қамтылады. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 95%-дан 97%-ға жетеді.

Ал, Жаңаталап, Қайнар бұлақ , Солтүстік саяжай, Достық, Бозарық-2, Батыс, Тұран, Нұртас және Сәуле шағынаудандары 2022 жылға өтпелі. Яғни жұмыстар келесі жылы аяқталады.

Айта кетейік, қаланың даму жоспарына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 6 қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу 220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік 220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы жүргізіледі. Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент жарық жүйесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір