• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:08:54
Алматы
+35°

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айына азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айтты. 

– Бұл сұрақ журналистерді неліктен қызықтыратынын білмеймін. Бізде жұрт сияқты өмір сүреміз. Менің отбасымда азық-түлікке басқа жанұялар сияқты жұмсайды. Әрине бір айға 50 мың теңге жетпейді. Айына 200 мың теңге жұмсаймыз, – деді ол сенат отырысында. 

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиевтың 5 баласы бар. 

Бұған дейін, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ай сайын отбасы азық-түлікке 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан. 

Сонымен қатар министр жаңа жылға қарай елде азық-түлікте қымбатшылық байқалатынын хабарлаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір