• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:50:20
Алматы
+35°

АҚШ президенті Джо Байден 2022 жылы Бейжіңде (Қытай) өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ дипломатиялық бойкот жариялауды қарастыратынын айтты.

Мексика және Канада басшыларымен келіссөздер алдында "Бұл – біз қарастырып жатқан нәрсе" деді Байден журналистерге.

Дипломатиялық бойкот ойындарға АҚШ шенеуніктерінің жіберілмейтінін білдіреді. Бұл шешім АҚШ-Қытай қарым-қатынасындағы шиеленістің артуы тұсында қабылданды.

Дүйсенбіде Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпин виртуал келіссөз өткізген.

Байденнің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ пен Қытай басшылары үш сағаттық кездесуде Олимпиаданы талқыламағанын айтты.

Демократиялық және Республикалық заң шығарушылар Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына наразылық білдіру құралы ретінде дипломатиялық бойкот жариялауға шақырды.

Халықаралық ұйымдар және көптеген демократиялық елдер Қытайды "Шыңжаң автономиясында тұратын ұйғыр, қазақ сияқты мұсылман азшылықтарға геноцид жасады" деп айыптайды.

Сонымен қатар, Бейжіңнің Гонконгтағы саяси бостандықтарды басып-жаншу әрекетіне қатысты да шиеленіс күшейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір