• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

05 Желтоқсан, 08:39:23
Алматы
+5°

Болгарияның батысында автобус апатқа ұшырап, өртеніп, кем дегенде 45 адам қаза тапты. Оның ішінде 12 бала бар.

Оқиға ел астанасы Софияның оңтүстік-батысындағы Боснек елдімекенінің маңында жергілікті уақыт бойынша 02:00 шамасында тас жолда болған.

Автобус Солтүстік Македонияға тіркелген, оның ішінде негізінен сол елден келген жолаушылар болған. Апат пен өрттің себебі қазір анықталуда.

Болгария ішкі істер министрлігінің ресми өкілі автобустың өртеніп, содан кейін соғылғаны немесе соғылғаннан кейін өртеніп кеткені белгісіз екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болгария

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір