• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 01:37:07
Алматы
+12°

Қазір көп жігіттер материалдық жағдайға байланысты үйленуге асықпайды деген пікір бар. Осы ретте алматылық қыз-келіншектерден отбасы құру үшін ер адам айына қанша табуы керек екенін сұрап көрдік.

Соңғы уақытта ер адамға қыз-келіншектер, қоғам тарапынан артылған әлеуметтік жүк ауырлап кеткені туралы әңгіме жиі қозғалатын болған. Ғалымдар "ер адам мықты болуы керек, кез келген мәселені шеше алуы қажет, көз жасын көрсетпеуі керек, табысы жоғары болуы керек" деген сияқты түсінік салдарынан ер-азаматтар ұдайы моральдық, психологиялық қысым жағдайында жүретінін айтады.

Әлемде, соның ішінде Қазақстанда ерлер арасында суицид жиі кездеседі. Ресми статистикаға сай, 2020 жылы ел бойынша 3515 адам өзіне қол салған. Оның 2765-і ер-азамат. 2075 ер адам бұл әрекетке алкогольдің, есірткі затының ықпалынсыз, яғни сау күйінде барған.

Әлеуметтанушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Айтуар Коспаков ер азаматтарға қоғам тарапынан қойылатын талаптар әлі де жоғары екенін айтса, психология ғылымдарының докторы Балабек Сақтағанов "қазіргі таңда қоғамның ашық болу түсуі, демократиялық құндылықтардың енуі ер адамдарға деген талапты төмендетті" дейді.

– 30 жасқа дейін ер адам мынаны жасап үлгеруі керек, қаржылық жағдайы тұрақты, қандайда бір жетістікке жетуі керек деген сияқты көзге көрінбейтін қоғамдық пікір, талап адамдар, топтар арасында әлі де бар, – дейді әлеуметтанушы.

Ал Балабек Сақтағанов ер адамның қоғамда орны мен отбасын асырауда, адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір рөлі болғанымен, бүгінде жанұядағы барлық мәселені тек ер адам шешуі керек деген түсінік, стереотип жоқ деген пікірде.

– Қазіргі таңда әйел азаматтар ер адамдармен бірге жұмыс істейді, бірдей ақша табады. Бұдан бөлек, қоғам, қыз-келіншектер тарапынан қанша жүк артылғанына қарамастан, оны қабылдау, сезіну және соны орындау ер адамның тұлғалық ерекшелігіне байланысты болады. Егер ер адам өзінің әлеуметтік рөліне жауапкершілікпен қараса, онда қандайда бір әлеуметтік жүкті, жауапкершілікті сезінеді, – дейді ол.

"Ер бала өсіп келе жатқан кезде "сен ер-азаматсың", "сен мықты болуың керек", "әлсіздігіңді көрсетпеуің керек" деп бала кезден санасына белгілі бір стереотиптерді қалыптастыру әлі де бары жасырын емес" деген психолог ер адамның бейнесі туралы түсінік адамдардың санасындағы мәселе екенін, бүгінгі уақытта "ер адам мынандай болуы керек", "мынаны жасауы керек" деген түсінік қоғам талабына да, жаңа трендтерге де сәйкес келмейтінін айтады.

Оқи отырыңыз:

♦ Ер адамдар қоғам пікірінен қалай зардап шегеді?

Айзада Бидан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Амлаты табыс айлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір